Саясат

Тоқаев халықаралық шарттарға қатысты заңға қол қойды

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2021
Жазылу
Заңға сәйкес, егер өзге елдер немесе халықаралық ұйымдар қабылданған міндеттерді бұзса, Қазақстан тиісті шара қолданады

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық шарттар туралы заңға толықтырулар енгізіп, қол қойды.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" заңға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заңына қол қойды", - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұған дейін вице-премьер -сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді заң Қазақстанда халықаралық келісімшарттардың талабы мен тәртібін анықтау мақсатында заң жобасы әзірленгенін айтты. Министр құжат бойынша өзге елдер және халықаралық ұйымдармен байланыс кезінде Қазақстан мүддесінің ескерілуі қамтамасыз етілетінін жеткізді.

Заң жобасының негізгі нормалары:

  • егер өзге елдер немесе халықаралық ұйымдар қабылданған міндеттерді бұзса, Қазақстан жауап ретінде шара қолданады;
  • халықаралық келісімдердің жүзеге асырылуын тоқтата тұру және тоқтату бойынша ұсыныс енгізу тәртібі регламенттелді;
  • ратификацияланған халықаралық шарттардың ел заңдарынан басымдығын белгілеу;
  • халықаралық шарттардың орындалуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайтында жариялау.
Жаңалықтар
0