Саясат

Өзбекстан президенті Тоқаевқа көңіл айтты  

© Sputnik / Рамиз БахтияровПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2021
Жазылу
Тоқаев Алматы әуежайы маңында болған әуе апатынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтқаны үшін Өзбекстан басшысына ризашылығын білдірді

АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

"Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы ахуал жөнінде пікір алмасып, стратегиялық маңызы зор өңірдегі қауіпсіздікті, тұрақтылықты және өркендеуді қамтамасыз ету мақсатында ауқымды әрі жемісті ынтымақтастыққа екі тараптың да мүдделі екенін нақтылады", - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Әңгіме барысында екі елдің үкіметі өзара сауда-экономикалық, гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін шешу бойынша келісілген жұмыстарды жалғастыра беретіні айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайы маңында болған әуе апатынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтқаны үшін Өзбекстан басшысына ризашылығын білдірді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Алматы әуежайындағы трагедия туралы жазды 

Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Өзбекстан халықтарына бақ-береке тіледі.

Алматы маңында әскери ұшақ құлады

13 наурызда Алматы әуежайының маңындағы Қызыл Ту ауылының іргесіне әскери ұшақ апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Алайда Ан-26 ұшағы қону алаңына жақындағанда отқа оранып, құлады. Салдарынан төрт адам қаза тауып, ауыр жарақат алған екі әскери қызметкер №4 қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын өте ауыр екенін айтты.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті борттық нөмірі 02 санымен белгіленген ұшақ ведомствоның авиациялық қызметіне тиесілі екенін растады.

Айта кетейік, бұл аталған ведомствоға тиесілі Ан ұшағының қатысуымен болған екінші трагедия. Осыған ұқсас жағдай 2012 жылы Шымкент маңында болған. Ол кезде Ан-72 апатынан 27 адам көз жұмды.

Жаңалықтар
0