23:50 21 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD429.76
  • EUR518.16
  • RUB5.64
Саясат
Қысқа сілтеме алу
91 0 0

Қырғыз елі басшысының Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Садыр Жапаров президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді. 

Шағын және кең құрамдағы келіссөздер барысында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланады деп көзделіп отыр. Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болады.

Қырғызстан президенті Нұр-Сұлтан қаласына келді
© Photo : ҚР СІМ баспасөз қызметі
Қырғызстан президенті Нұр-Сұлтан қаласына келді

Бұдан бөлек, мемлекет басшылары Орталық Азия, ЕАЭО мен өзге де құрылымдарда интеграциялық процестерді дамыту, сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасады. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылмақ.

Айта кетсек, Қырғызстанның жаңа президентінің Қазақстанға сапары сайлаудан кейін бірден жоспарланған еді. Бірақ президентікке сайланғаннан кейін Садыр Жапаров алғашқы сапарын Ресейге жасады.

Кілт сөздер:
Қырғызстан
Загрузка...

Басты тақырып