Саясат

Президент өзінің көмекшісін лауазымынан босатып, басқа қызметке тағайындады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2021
Жазылу
Мұрат Нұртілеу екі жылға жуық президенттің көмекшісі болып жұмыс істеді – ол 2019 жылдың наурызында тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Нұртілеуді Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.

Ол президенттің көмекшісі болып екі жылға жуық жұмыс істеді.

© Photo : Официальный сайт МИД РКМұрат Нұртілеу
Президент өзінің көмекшісін лауазымынан босатып, басқа қызметке тағайындады - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2021
Мұрат Нұртілеу

Мұрат Нұртілеу 1976 жылы 11 наурызда дүниеге келген – 44 жаста. Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Бұған дейін ол Қазақстанның Финляндия және Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі, Президент әкімшілігі сыртқы саясат орталығы басшысының орынбасары болған.

Оқи отырыңыз: Жаңа қызметке тағайындалған Ринат Зайытов жалақысы қанша екенін айтты 

Қазіргі уақытта президент әкімшілігін Ерлан Қошанов басқарып отыр, оның бірінші орынбасары – Дәурен Абаев, тағы үш орынбасар бар – Ержан Жиенбаев, Мәлік Мырзалин және Тимур Сүлейменов.   

Жаңалықтар
0