Саясат

Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық кеңестің бесінші отырысы өтіп жатыр

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2021
Жазылу
Соңғы отырыста президент 2021 жылы елде экономикалық және саяси реформалар жасалатынын мәлімдеген еді

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Елордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Онлайн форматта өтетін жиында елімізді дамытудың өзекті мәселелері, бұған дейін жасалған ұсыныстардың орындалу барысы талқыланады деп жоспарлануда", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

БАҚ өкілдері үшін "Қазмедиа орталығынан" іс-шарадан ақпарат таратуға мүмкіндік жасалды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы былтыр қазан айында өткен еді. Сол жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы елде экономикалық және саяси реформалар жасалатынын мәлімдеген еді.

Кеңес құрылғаннан бері бір жарым жыл ішінде оның бастамаларын іске асыру аясында 10 заң қабылданды және тағы жеті заң жобасы қарастырылуда.

Кезекті ротация

Биыл қаңтар айында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында кезекті ротация жасалды.

Кеңес жұмысына "ADAL" партиясы саяси кеңесінің мүшесі - хатшысы Эльдар Жұмағазиев, "ҚазАқпарат" Халықаралық ақпарат агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Асқар Омаров, "StopFake.kz" жобасының жетекшісі, президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Александр Данилов, Ақтөбе қаласындағы "Тандем" телерадиокомпаниясының бас директоры Тәттігүл Талаева, "Team Qazaqstan" жастар қозғалысының белсендісі, білім мәселелері жөніндегі сарапшы Қайсар Тұрсынқожа, "Болашақ" Халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры, президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Лаура Демесінова тартылды.

Ротация аясында Ұлттық кеңес құрамынан Асылбек Қожахметов, Шыңғыс Мұқан және Ермек Тұрсынов шығарылды.

Ұлттық кеңес туралы не білеміз

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылы 12 маусымда құрылды. Кеңестің алғашқы отырысы сол жылы 6 қыркүйекте өткен еді.

Ұлттық кеңес – президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Кеңес қызметінің негізгі мақсаты –  жұртшылықтың, саяси партиялар мен азаматтық қоғам өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау.

Кеңес құрамына түрлі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, құқық қорғаушылар, танымал сарапшылар кіреді.

Жаңалықтар
0