Саясат

Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" басшысын қабылдады

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2021
Жазылу
"Қазатомөнеркәсіп" акционерлік қоғамы уран өндіру және сату көлемі бойынша әлемдік нарықтағы көшбасшы мәртебесін сенімді түрде сақтап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президентіне ұлттық атом компаниясының 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндалды.

Кредитін төлей алмай жүргендерге көмек көрсетіледі - Тоқаев Әбілқасымованы қабылдады

Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, компания коронавирус пандемиясына қарамастан алдына қойылған барлық міндетті орындаған. "Қазатомөнеркәсіп" акционерлік қоғамы үшінші жыл қатарынан өнім өткізу ісінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, уран өндіру және сату көлемі бойынша әлемдік нарықтағы көшбасшы мәртебесін сенімді түрде сақтап отыр.

Сонымен қатар мемлекет басшысына цифрлық трансформация бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, компаниядағы бизнес-процестердің жетілдірілуі және жылу бөлетін құрылғылар (ЖБҚ) шығаратын зауыт құрылысының аяқталуы жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтар
0