Саясат

Тоқаев Қырғызстанның жаңа президентімен не туралы сөйлесті

© Photo : пресс-служба правительства КыргызстанаҚазақстан мен Қырғызстан туы
Қазақстан мен Қырғызстан туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2021
Жазылу
Әңгіме барысында жоғары деңгейдегі кездесулер кестесі пысықталып, қырғыз көшбасшысының Қазақстанға сапары талқыланды

АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Қырғыз тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінің сәтті өткенін атап өтіп, Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасының президенті болып сайлануымен тағы бір рет құттықтады. Бауырлас қырғыз халқының өркендеуі мен игілігі жолындағы жауапты қызметіне сәттілік тіледі", – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар екі елдің президенті достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестікке құрылған қазақ-қырғыз қатынасының берік екенін нақтылады. Екіжақты ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеру мақсатында бірлесіп белсенді жұмыс істеуге дайын екенін растады.

"Садыр Жапаров Қазақстан президентінің ізгі тілегіне алғыс айтып, қызметке кірісуіне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хат жібергені үшін ризашылығын білдірді", – деп хабарлады Ақорда.

Сондай-ақ, әңгіме барысында жоғары деңгейдегі кездесулер кестесі, қырғыз көшбасшысының Қазақстанға сапары талқыланды.

Оқи отырыңыз: Ақордадағы кездесу: Қырғыз министрінің Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды

Айта кетейік, Қырғызстан президентінің мерзімінен бұрын сайлауы биыл 10 қаңтарда өтті. Бірінші турда сайлаушылардың 79,2% даусын жинаған Садыр Жапаров жеңіске жетті.

Ол президент қызметіндегі алғашқы сапарын Ресейден бастады.

Жаңалықтар
0