Қоғам

Сенат лауазымды тұлғаларды кедендік бақылаудан босататын хаттаманы ратификациялады

© Photo : Пресс-служба сената парламента КазахстанаСенаттың пленарлық отырысы
Сенаттың пленарлық отырысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеден кодексі шартына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға Армениядағы заңнамалық өзгерістер түрткі болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Сенат Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында 2017 жылғы 11 сәуірдегі ЕАЭО-ның Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қаралды.

Шартқа өзгерістер енгізуге Армения Республикасындағы заңнамалық өзгерістер түрткі болған.

"Хаттамада одаққа мүше мемлекеттер үкімет басшыларының, Армения премьер-министрі әкімшілігі басшысының және Армения премьер-министрінің күзет қызметі бастығының жеке багажын тексеріп, қараудан босату бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 321-бабы 2-тармағына өзгерістер енгізу көзделген", – делінген заң жобасының қорытындысында.

"Халықаралық шарттар туралы" заңға сәйкес хаттама ратификациялауға жатады.

Хаттаманы ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама 2019 жылы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында жасалды.

Оқи отырыңыз: ЕАЭО елдері мен Қытай "Үлкен Еуразия" идеясын жүзеге асыра алады - Лавров

Парламент сенаты хаттаманы бірауыздан ратификациялады.

Жаңалықтар
0