Саясат

Тоқаев ертең министрлер мен әкімдерді жинайды

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отырыс онлайн өтеді, жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. 26 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

"Ертең, яғни 26 қаңтарда, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланбақ", - деді ол. 

БАҚ өкілдері іс-шараны "Қазмедиа орталығынан" дер кезінде таратуға мүмкіндік алады.

Еске салсақ, парламент сайлауынан кейін 18 қаңтарда Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы бекітілді.

Премьер-министр мен министрлердің басым бөлігі өз орнын сақтап қалды. Екі министр ғана ауысты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Серік Шәпкенов келсе, ұлттық экономика министрлігін Әсет Ерғалиев басқарды.

Сондай-ақ, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді төртінші вице-премьер қызметін қоса атқарады.

Жаңалықтар
0