Саясат

Тоқаев: Басты мақсат – халықтың тұрмысын жақсарту

© Sputnik / Тимур БатыршинСнег в Алматы
Снег в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті барлық күш-жігерді тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдыру қажет деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылған парламенттің алғашқы сессиясында мемлекеттің басты міндетін белгіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бір  сәтке де босаңсуға болмайды. Жыл басында сайлау өткізу арқылы қиындықтармен күресіп қана қоймай, жаңғыруға жол ашып, жаңа серпінге ие болдық. Осы қарқынды сақтап, бағдарымыздан жаңылмау өте маңызды. Сондықтан Тәуелсіздіктің 30-жылдығында кешенді реформалар жүргізіледі. Барлық күш-жігерімізді тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдыруымыз қажет", - деді Тоқаев.

Президент басты басымдықты да атады. Ол – халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру.

"Жұрт жасанды жетістіктерді емес, көзбен көріп, қолмен ұстайтын нақты нәтижені күтеді. Халық әлеуметтік және экономикалық бағарламалардың жемісті болғанын қалайды. Біз осы мақсаттағы ауқымды жұмысқа барлық белсенді азаматтарды тартамыз. Олардың әрқайсысы ел тағдырына әсер ететін шешімдерді қабылдауға өздері тікелей қатысатынын білгені жөн. Ортақ іске үлес қосып жатқанын сезінуі маңызды. Біз ұлттың жасампаздық әлеуетін пайдаланған жағдайда ғана алға басып, табысқа жете аламыз", - деп атап өтті Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстан үкіметі отставкаға кетті 

Айта кетейік, 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, парламенттің төменгі палатасына үш партия өтті: Nur Otan, "Ақ жол" және Қазақстан халық партиясы.

Сондай-ақ, мәжіліс депутаттарының қатарына Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де енді.

Жаңалықтар
0