05:38 27 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Мәжіліс сайлауы (157)
609 0 0

Миссия сайлау Қазақстан заңнамасының талаптары мен елдің халықаралық міндеттемелеріне сәйкес өтті деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) миссиясы Қазақстанда өткен парламенттік сайлауды еркін, әділ, сенімді және демократиялық және заңды деп таниды. Бұл туралы миссия басшысы, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Чжан Хайчжоу БАҚ өкілдеріне арналған брифингте айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 15 адамнан тұратын байқаушылар миссиясы 7 мен 10 қаңтар аралығында Қазақстан мәжіліс сайлауының өтуін бақылады. Сайлау күні миссия мүшелері сайлау учаскелерінің ашылуына, стационарлық және тасымалданатын жәшіктердің мөрленуіне, дауыс беру процесіне және бюллетеньдерді санауға қатысты.

Миссия мүшелері Нұр-Сұлтан мен басқа да елді мекендерде бақылау жүргізді. Сондай-ақ, сол күні Қытайдағы Қазақстан елшілігінде дауыс беру процесі де назарға алынған.

ШЫҰ миссиясының бақылаушылары сайлау комиссиялары мүшелерінің бейтараптығын, кәсібилігі мен сезімталдығын атап өтті.

"Бақылау кезінде миссия өкілдеріне ешқандай шағымдар мен ескертпелер түскен жоқ. Барлық аспектілерді талдау нәтижесі елде саяси бәсекелестіктің барын және сайлау науқанының ашықтығы мен айқындығын көрсетеді", – деді миссия басшысы.

Миссия сайлау Қазақстан заңнамасының талаптары мен елдің халықаралық міндеттемелеріне сәйкес өтті деп санайды.

"Сайлаудың нәтижесіне әсер ететін заңбұзушылықтар болған жоқ", – деді Чжан Хайчжоу.

Оқи отырыңыз: ҰҚШҰ миссиясы Қазақстанда сайлау қалай өткеніне қатысты пікір білдірді

Айта кетейік, Қазақстанда парламенттік сайлау 10 қаңтарда өтті. Сайлауға дауыс берушілердің 63,3% қатысты.

Тақырып:
Мәжіліс сайлауы (157)

Тақырып бойынша

Испанияда жауған қалың қар қазақстандық сайлау учаскесінің жұмысын қиындатты
Қазақстанның сайлау заңнамасын мұқият зерттедік – бақылаушы
Нұр-Сұлтанда сайлау учаскесіндегі бейнебақылау камерасын скотчпен жауып тастаған
Сайлау учаскелеріне бюллетеньдер қалай жеткізілді – видео
Сайлау учаскелері орналасқан мектептер дезинфекцияланады
Кілт сөздер:
бақылау, сайлау
Загрузка...

Басты тақырып