Саясат

Сайлау-2021: Тоқаев дауыс берді

© Sputnik / Владислав ВодневКасым-Жомарт Токаев проголосовал за кандидатов от Ассамблеи народа Казахстана
Касым-Жомарт Токаев проголосовал за кандидатов от Ассамблеи народа Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті және ассамблея төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының депутаттарын сайлауға қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дүйсенбі, 11 қаңтарда, Бейбітшілік және келісім сарайында Ассамблея сайлайтын мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша ҚХА-ның XXVIII сессиясы ашылды.

© Sputnik / Владислав ВодневПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді
Сайлау-2021: Тоқаев дауыс берді - Sputnik Қазақстан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиыны) – Ассамблеяның жоғарғы басқарушы органы.

Бүгінде ҚХА құрамына 504 адам кіреді. Әр сайлаушы – ҚХА мүшесі жеке дауыс береді. Ассамблея мүшелерінің 50%-тен астам дауысын жинаған кандидаттар мәжіліске өтеді.

Сессия аяқталғаннан кейін Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерін жариялайды.

Соңғы қорытындыны Орталық сайлау комиссиясы шығарады.

ҚХА-ның хабарлауынша, премьер-министр Асқар Мамин, оның орынбасары Ералы Тоғжанов, сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов, сонымен қатар министрлер мен ассамблеяның басқа да мүшелері дауыс берген. 

Жаңалықтар
0