Саясат

Қазақстанның сайлау заңнамасын мұқият зерттедік – бақылаушы

© Sputnik / Владислав ВодневКоординатор группы наблюдателей от Межпарламентской ассамблеи СНГ Алексей Майоров
Координатор группы наблюдателей от Межпарламентской ассамблеи СНГ Алексей Майоров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сайлаудың қалай өтіп жатқанын, бәсекелестік деңгейі, әділдігі мен заманауи талаптарға сай екендігін көзбен көру үшін біз бүкіл сайлау процесін толық қамтуға тырыстық, деді Майоров

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар — Sputnik. ТМД парламентаралық ассамблеясынан келген бақылаушылар тобының үйлестірушісі, Ресей федералдық жиынының федерация кеңесі комитетінің төрағасы Алексей Майоров Қазақстанда сайлаудың ұйымдастырылуына баға берді. 

"Бүгін күндізгі сағат 12-ге дейін біз шамамен 80 сайлау учаскесін араладық. Сайлау өте жақсы ұйымдастырылған деген пікірдеміз. Біз республиканың сайлау заңнамасын, сайлау өтетін нормативтік-құқықтық базаны мұқият зерттедік", - деді Алексей Майоров Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында.

Ол пандемия кезінде сайлау өткізу бұл шараны ұйымдастыруға әсер етпей қоймайтынын айтты. 

"Себебі, қосымша материалдық ресурс, адамдар қажет болады. Орталық сайлау комиссиясы инфекцияның өршуіне жол бермес үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі керек", - деді Алексей Майоров.

Ол қазіргі сайлау концерттер, көрмелер және басқа мәдени шаралар секілді бұқаралық іс-шаралардың жоқтығымен де ерекшеленетінін атап өтті. 

"Мұның барлығы Қазақстан халқының денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмес үшін жасалуда. Орталық сайлау комиссиясы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып сайлау өткізу жөнінде дұрыс шешім қабылдады", - деді үйлестіруші. 

Майоровтың пікірінше, бұқаралық іс-шаралардың болмауы қазақстандықтардың сайлауға деген белсенділігіне кедергі келтірген жоқ. 

"Сағат 7-де бірінші учаскенің ашылуында болдық. Ал, түске қарай сайлау учаскелерінде кезек пайда болғанын байқадық. Азаматтардың басым бөлігі дауыс беруге қатысуға құлшыныс танытып отыр. Бұл қазақстандықтардың елдің болашағына бей-жай қарамайтынын және өз таңдауы арқылы оның келешегіне ықпал ететініне сенетінін көрсетеді", - деді Майоров.

Комитет басшысы жетекшілік етіп отырған топта тоғыз елдің атынан 48 бақылаушы аккредитациядан өткен. Олар тек Қазақстандағы емес, сондай-ақ, бұрынғы ТМД-ның бірқатар елдеріндегі сайлауға бақылаушылық жасауда. 

"Сайлаудың қалай өтіп жатқанын, бәсекелестік деңгейі, әділдігі мен заманауи талаптарға сай екендігін көзбен көру үшін біз бүкіл сайлау процесін толық қамтуға тырыстық", - деді комитет төрағасы.

Жаңалықтар
0