Саясат

Халық оң өзгерісті сезінуі керек – Айқын Қоңыров

© Sputnik / Алина ШашкинаАйкын Конуров
Айкын Конуров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс сайлауына келген Қазақстан халық партиясының көшбасшысы алғашқылардың бірі болып дауыс берді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар — Sputnik. Қазақстан халық партиясының (ҚХП) төрағасы Айқын Қоңыров парламент мәжілісінің сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Партия көшбасшысы елордалық №66 мектеп-лицейдің базасында орналасқан №113 сайлау учаскесінде дауыс берді.

"Әркім өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, қалаған партиясына дауыс беруі керек. Халықтың оң өзгерісті сезініп, Қазақстанның дамуы үшін шешімдер қабылдауға ықпал ете алуы маңызды", - деді Қоңыров.

Коммунистік партияның атауы өзгерді

Қазақстанның коммунистік халық партиясы (ҚКХП) "Қазақстан халық партиясы" деп атауын өзгертті. Бұл шешім партияның 11 қарашада өткен XV кезектен тыс съезінде қабылданды. Съезд кезінде партия төрағасы болып сайланған мәжіліс депутаты Айқын Қоңыровтың ұсынған мәліметі бойынша, атау өзгерту парламенттік сайлау қарсаңындағы маңызды оқиға болып табылады.

Ал ҚКХП мүшесі Владислав Косарев съезде партияның атауын өзгертуге қарсылық білдірді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда барлық сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті – ОСК 

Бүгін, 10 қаңтарда Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы – мәжіліске депутаттарды сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Дауыс беру құқығы бар 11 қазақстандық осы құқығын пайдалана алады. 53 шет мемлекетте 66 сайлау учаскесі ашылады. Олардың мекенжайлары мен байланыс телефондары сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін екі күн ішінде өңірлік сайлау комиссиясы облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және елорда бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттамаларды Орталық сайлау комиссиясына ұсынуы қажет.

ОСК жеті күн ішінде – 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін мәжіліс сайлауының қорытындысын шығарады.

ОСК сайлауға қатысатын бес партияны тіркеді:

  • "Nur Otan" партиясы;
  • "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы;
  • Қазақстанның халық партиясы (экс-коммунистер);
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы;
  • "Адал" саяси партиясы.
Жаңалықтар
0