Саясат

Премьер-министрдің орынбасары үкіметтің отставкасына қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Арман АсқарПремьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов №115 сайлау учаскесінде дауыс берді
Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов №115 сайлау учаскесінде дауыс берді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ералы Тоғжанов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында үкіметтің қайта жасақталуы заңға сәйкес жүргізілетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов "Астана Опера" театрында орналасқан №115 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Учаскеде дауыс беру залы орталық холда орналасқан. Сайлаушыларды негізгі кіреберістен кіргізіп жатыр. Ол жерде алдымен күзет қызметінің тексерісінен өту керек.

© Sputnik / Арман Асқар№115 сайлау учаскесі "Астана Опера" театрында орналасқан
Премьер-министрдің орынбасары үкіметтің отставкасына қатысты пікір білдірді - Sputnik Қазақстан
№115 сайлау учаскесі "Астана Опера" театрында орналасқан

Одан кейін ішке қарай кіруге рұқсат бар. Сайлау учаскесінің мүшелері шыны тосқауылдың арғы жағында отырады. Ал бюллетендерді астынан береді. Бұл - сақтық шаралары.

Ал осы учаскеде алғашқылардың бірі болып дауыс бергендердің ішінде премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов та бар. Ол коронавирус пандемиясы басталғалы бері сақтық шараларына жауап береді.

© Sputnik / Арман Асқар№115 сайлау учаскесі "Астана Опера" театрында орналасқан
Премьер-министрдің орынбасары үкіметтің отставкасына қатысты пікір білдірді - Sputnik Қазақстан
№115 сайлау учаскесі "Астана Опера" театрында орналасқан

"Сөз жоқ, бүгін үлкен науқан өтіп жатыр. Дегенмен, адамдардың денсаулығы бірінші кезекте тұруы керек. Сондықтан әрбір келген азаматтың денсаулығының қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс. Оған, өзіңіз байқағандай, барлық жағдай жасалған деп ойлаймыз. Учаскелік комиссия мүшелері мен бақылаушыларға да сондай жағдай жасалды. Сондықтан кез келген азаматқа өзінің саяси құқығын білдіруге толықтай мүмкіндік жасалған. Оған өзім бүгін куәмін. Жаңа өзім де дауыс беріп шықтым", - деді Тоғжанов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Үкімет басшысының орынбасары бүгінгі саяси науқанға қатысты өз ойын айтты.

"Бұл - біздің отбасылық дәстүріміз. Мінеки, бүгін алғашқылардың бірі болып келдік, дауыс бердік. Елдің болашағын ойлайтын азаматтар сайлаудан қалмауы керек", - деп атап көрсетті Тоғжанов.

Ол үкіметтің отставкасы туралы да пікір білдірді.

"Ол заңға сәйкес жасалады. Жаңадан сайланған мәжілістің алдында үкімет қайтадан жасақталуы керек. Сондықтан оның бәрі белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады", - деді Тоғжанов.

Айта кетсек, осы сайлау учаскесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс береді деп күтілуде.

Жаңалықтар
0