Саясат

"Елші хабарласып, шақырды": шетелдегі қазақтар қалай дауыс беретінін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевМәжіліс пен мәслихаттар сайлауына шақыру
Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына шақыру - Sputnik Қазақстан
Жазылу
10 қаңтарда Қазақстанда парламент сайлауы өтеді. Учаскелер жергілікті уақытпен таңғы жетіден кешкі сегізге дейін ашық болады. Сайлау құқығы бар 11 миллионнан аса қазақстандық дауыс бере алады. Ал шетелде тұрып жатқан қазақстандықтар үшін арнайы сайлау учаскелері ашылды

АЛМАТЫ, 9 қаңтар – Sputnik. Ертең Қазақстанда мәжіліс сайлауы өтеді. 18 жасқа толған әрбір қазақстандықтың дауыс беруге құқығы бар. Сайлау науқаны тек ел ішінде ғана емес, шетелде де жүзеге асады. Ол үшін 53 елде 66 сайлау учаскесі ашылды. Sputnik Қазақстан тілшісі шетелде тұрып жатқан қазақстандықтардан сайлауда қалай дауыс беретінін сұрады.

Елші хабарласып, сайлауға шақырған

Италия астанасында білім алып жүрген Дана Төлеужан елде сайлау болғалы жатқанынан хабары бар екенін айтты. Римде білім алып жатқан қазақ жастарына елшінің өзі хабарласып, дауыс беруге шақырған.

"Римде, мен білім алып жатқан оқу орнында қазақстандықтар көп. Бір-бірімізбен тығыз байланыстамыз. Жақында елде сайлау болатынын әлеуметтік желі арқылы да көріп, талқылап жатырмыз. Мен міндетті түрде дауыс беруге барамын. Себебі, бұл – менің азаматтық борышымның бірі. Шетелде жүрсем де, елдегі жағдайға бей-жай қарамаймын", - дейді Төлеужан.

© Photo : Дана Төлеужанның жеке архивіненИталияда оқып жүрген қазақстандық студент Дана Төлеужан
Елші хабарласып, шақырды: шетелдегі қазақтар қалай дауыс беретінін айтты - Sputnik Қазақстан
Италияда оқып жүрген қазақстандық студент Дана Төлеужан

Ол халықтың болашағы үшін әр қазақстандықтың беретін дауысы маңызды деп санайды.

"Сайлау туралы біраз уақыттан бері хабарланып жүр. Қазақстанның Италиядағы елшілігі мен елшінің өзі хабарласып, сайлауға шақырды. Маған ғана емес, осы жердегі достарыма да хабарласыпты. Енді барлығымыз бірге барып, дауыс береміз", - дейді ол.

Дана Төлеужан сайлауға түскен бес партияның ішінде кімге дауыс беретінін де шешіп қойған. Таңдау жасар кезде партия құрамындағы азаматтарға мән бердім, дейді бойжеткен.

"Алдын ала үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Елшінің өзі Римде қазақстандықтар жиналған Whatsapp топта хабарлама жіберіп, сайлау болатынын айтты. Ал оның алдында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада да 10 қаңтарда сайлау өтетінін еске салды", - деді Дана Төлеужан.

"Емтиханға байланысты бара алмаймын"

Түркияның Измит қаласында докторантурада оқитын қазақстандық Ақбала Ерназар сайлауға бара алмайтынын айтты. Өйткені сайлау учаскелері Түркияның тек үш қаласында – Анкара, Ыстанбұл, Анталияда ашылған.

"Измитте сенбі-жексенбі карантин күшейтіледі, рұқсатсыз көшеге шығуға болмайды. Алайда сайлау қарсаңында елшілік рұқсат қағазын дайындап берді", - дейді ол.

Тағы оқыңыз: Бюллетенді басқаға толтыртуға болады – оған қай кезде рұқсат етіледі

Айтуынша, өзі оқитын оқу орнында шамамен 15 қазақстандық бар. Олар дауыс беру үшін үш қалада ашылған сайлау учаскелеріне еш кедергісіз барып, қайтып келе алады. Ол үшін түрік тарапының құзырлы мекемелерінен тиісті рұқсаттар алынған.

"Мен тұратын қаладан бір жарым сағатта Ыстамбұлға баруға болады. Келесі апта емтихан тапсырамын, сол себепті дауыс беруге бара алмаймын. Бірнеше жыл бұрын президент сайлауына қалмай қатысу туралы үгіт-насихат жұмыстары жақсы жүргізілді. Сол кезде барлығымыз дауыс беруге бардық", - дейді Ерназар.

Қазақстандағы парламент сайлауы

Қазақстанда мәжіліс (парламенттің төменгі палатасы) және мәслихаттар сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді.

Алдағы сайлауда мәжілістегі орындарға бес партия таласады.

  • Nur Otan;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы;
  • Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер);
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы;
  • "Адал" партиясы.

Мәжілістің қазіргі алтыншы шақырылымының өкілеттілік мерзімі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады.

Жаңалықтар
0