Саясат

Путин Тоқаев пен Назарбаевты құттықтады

© Sputnik / Владислав ВодневГлавы ЕАЭС и первый президент Казахстана - Елбасы Нурсултан Назарбаев перед заседанием ВЕЭС
Главы ЕАЭС и первый президент Казахстана - Елбасы Нурсултан Назарбаев перед заседанием ВЕЭС - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол өз құттықтауында Ресей-Қазақстан байланысы стратегиялық серіктестік және одақтастық негізінде дамып жатқанын атап өтті

АЛМАТЫ, 30 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.

Путин өз құттықтауында Ресей-Қазақстан байланысы стратегиялық серіктестік және одақтастық негізінде дамып жатқанын атап өтті.

Ол мемлекеттер арасындағы диалог барлық деңгейде белсенді жүріп жатқанын жеткізді. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және өзге салалар жан-жақты қамтылған, деді Ресей президенті.

Көрші ел президенті Ресей мен Қазақстан түрлі халықаралық ұйымдар және құрылымдар аясында да бірлесе жұмыс істейтініне назар аударды.

Келер жылы да өзара әріптестік пен бірлескен жұмыс жемісті болатынына сенім білдірді.

Жаңалықтар
0