Саясат

Трамп қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

© AP Photo / Carolyn KasterАҚШ президенті Дональд Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Трамп Қазақстан Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және өркендеу жолында отыз жылға жуық уақыт көш бастап келе жатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп Қазақстан халқы мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Жеделхатта Трамп Қазақстанның Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және өркендеу жолында отыз жылға жуық уақыт көш бастап келе жатқанын президентпен бірге атап өтуге қуанышты екенін жеткізген.

"Биылғы жыл бұған дейін бұрын-соңды болмаған жаһандық сынақтарды алдымызға тосты. Бірақ біздің серіктестігіміз бұл сынаққа төтеп берді. Кеңейтілген стратегиялық серіктестігіміздің шеңберінде біз COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастығымыздың барлық бағыттарында оң нәтижеге қол жеткіздік. Америка халқының атынан Қазақстан халқына алдағы жылы денсаулық пен бақ-береке тілеймін",- делінген АҚШ президентінің жеделхатында.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жайлы: даңғаза акциялардан бас тартамыз

Қазақстан Тәуелсіздік күнін 16 желтоқсанда атап өтеді. Алдағы 16, 17, 18 және 19 желтоқсан күндері азаматтар демалады. Жексенбі, 20 желтоқсан – жұмыс күні.

Жаңалықтар
0