Саясат

Президент ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады

© Sputnik / Владислав ВодневФлаги ОДКБ. Саммит ОДКБ проходит в Астане 8 ноября 2018 года
Флаги ОДКБ. Саммит ОДКБ проходит в Астане 8 ноября 2018 года - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын әрі қарай дамыту бойынша бірқатар ұсыныс айтады деп жоспарланып отыр

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады. Жиын видеоконференция форматында өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы бүгін сағат 15.00-де өтеді.

"Саммит барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасып, ұйымның биылғы жұмысындағы басым бағыттардың жүзеге асырылуын қорытындылайды. Алдағы кезеңге арналған жоспарын айқындайды", - деп жазды Уәли Facebook парақшасында.

Мемлекет басшысы ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы әріптестеріне ұйымның жұмысы жөніндегі өзекті мәселелер бойынша еліміздің ұстанымын жеткізіп, оны әрі қарай дамыту үшін бірқатар ұсыныс айтады деп жоспарланып отыр.

Жиын қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ның тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар құжат қабылданады.

Айта кетейік, 2019 жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы Бішкек қаласында өтті.

Жаңалықтар
0