Саясат

Қырғызстан басшысы Тоқаевқа алғыс білдірді

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаГлава государства Касым-Жомарт Токаев
Глава государства Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстан саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды, Қазақстанмен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуді көздеп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысының міндетін атқарушы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың келесі қадамдарын талқылады.

"Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус пандемиясына қарсы күресте Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді", - деп хабарлады Қырғызстан президентінің сайты.

Жапаров Қырғызстан саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды, Қазақстанмен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуді көздеп отыр деп атап өтті.

Ақордадағы кездесу: Қырғыз министрінің Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды

Ол сондай-ақ Қырғызстан мен Қазақстан жақын көршілер, адал достар, стратегиялық серіктестер және одақтастар екенін баса айтты.  

Жаңалықтар
0