Саясат

ШЫҰ-ның мерейтойлық саммиті қашан өтеді 

© Photo : Рixabay/geralt Рукопожатие, иллюстративное фото
Рукопожатие, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2021 жылдан бастап ШЫҰ-ға Тәжікстан төрағалық етеді. ШЫҰ-ның бүгінгі саммитімен Ресейдің 2019-2020 жылдардағы төрағалығы аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммиті 2021 жылы 16-17 қыркүйекте Душанбеде өтеді. Бұл туралы ұйымның онлайн саммитінде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Сіздерді келесі жылы 16-17 қыркүйекте Тәжікстан астанасында өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының мерейтойлық саммитіне шақырамын. Ұйымға мүше елдер мен тұрақты органдардың қолдауының арқасында бізді жемісті бірлескен жұмыс күтіп тұрғанына сенімдімін", - деді Рахмон ШЫҰ-ға мүше елдер басшылары кеңесінің отырысында. 

Айта кетсек, 2021 жылдан бастап ШЫҰ-ға Тәжікстан төрағалық етеді. 

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылды. Қазір халықаралық ұйымға Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Пәкістан елдері мүше. Беларусь, Моңғолия, Иран және Ауғанстан – бақылаушы елдер.

ШЫҰ диалогының серіктесі мәртебесіне Армения, Әзербайжан, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка ие.

ШЫҰ-ның бүгінгі саммитімен Ресейдің 2019-2020 жылдардағы төрағалығы аяқталады.

Жаңалықтар
0