Саясат

Қазақстан президенті Ресей мен Қытайға алғыс білдірді

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуРоссийские врачи в защитных костюмах рассматривают рентгеновский снимок
Российские врачи в защитных костюмах рассматривают рентгеновский снимок - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев бүгінгі отырыста эпидемияға қарсы кешенді бірлескен іс-қимыл жоспарының бекітілуі қазіргі заманның сын-қатеріне ұжымдық жауап екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы күресте көрсеткен қолдауы үшін Ресей мен Қытайға және басқа елдерге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"ШЫҰ пандемияның салдарын еңсеруге бағытталған күш-жігерді үйлестіру жұмысында биіктен көрінді. Бәріміз білетін "Дос қиындықта сыналады" деген қанатты сөз ұйымға мүше мемлекеттер ынтымақтастығының рухын айқын сипаттайды", - деді Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының онлайн саммитінде. 

Мемлекет басшысы өзара гуманитарлық көмек және эпидемиолог мамандарды жіберу ШЫҰ елдерінде жағдайды тұрақтандыруға көмектескенін атап өтті. 

"Қазақстан тиісті елдерге, соның ішінде Ресей мен Қытайға аталған жаһандық проблема бойынша белсенді және өнімді ынтымақтастық үшін алғыс айтады", - деді ел президенті. 

Тоқаев бүгінгі отырыста эпидемияға қарсы кешенді бірлескен іс-қимыл жоспарының бекітілуі қазіргі заманның сын-қатеріне ұжымдық жауап екенін айтты. 

10 қарашада ШЫҰ-ға мүше елдер көшбасшыларының саммиті өтіп жатыр. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданады.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш шараға қатысушыларға видеоүндеу жолдайды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрамына Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Пәкістан енген үкіметаралық халықаралық ұйым. Беларусь, Моңғолия, Иран және Ауғанстан бақылаушы елдер.

ШЫҰ диалогының серіктесі мәртебесіне Арения, Әзербайжан, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка ие.

Жаңалықтар
0