Саясат

Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізді деген сыбысқа жауап берілді  

© Министерство обороны АзербайджанаОбострение ситуации вокруг Нагорного Карабаха
Обострение ситуации вокруг Нагорного Карабаха - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Салалық министрлік әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та жарияланған Бакуге әскери көмек берілгені туралы хабарламаны жоққа шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Қазақстан Әзірбайжанға қару-жарақ жеткізуге ниет білдірмеген. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

StopFake.kz порталының мәліметінше, кейбір интернет сайттар мен әлеуметтік желілерде Қазақстан Әзербайжанға қару-жарақ жеткізе бастағаны туралы ақпарат жарияланған.  

"Бұл мәлімдеме – жалған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарламаны ресми түрде жоққа шығарды. Қазақстан елдің әлемдік қауымдастық алдындағы барлық міндеттемесін сақтайды және басқа елдерге қару-жарақ жеткізуге ниетті емес. Мақалада көрсетілген мәлімет шындыққа жанаспайды және ешқандай негізі жоқ", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Бізге Қазақстанның көмегі керек: Әзербайжан елшісі мәлімдеме жасады 

Министрлік сонымен қатар 2020 жылдың 2-3 қарашасы аралығында Silk Way West Airlines әуе компаниясы Нұр-Сұлтан мен Баку арасындағы рейстерді жасамағанын атап өтті.  

Индустрия министрлігі Қазақстан азаматтарын ресми ақпарат пен тексерілген дереккөздерге ғана сенуге шақырды.

Жаңалықтар
0