Саясат

Тоқаев пен Назарбаев Ердоғанға жеделхат жолдады

© Sputnik / Абзал КалиевМужчины идут по дороге на фоне Акорды, Байтерека и комплекса зданий госорганов
Мужчины идут по дороге на фоне Акорды, Байтерека и комплекса зданий госорганов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына қажет болған жағдайда көмек көрсетуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Измир провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан қайтыс болған және зардап шеккен азаматтар туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды, деп хабарлайды Ақорда.

"Сізге және осы табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Жарақат алған адамдардың тез арада отбасыларына қайта оралуларына дұға етеміз. Бауырлас түрік халқына шынайы тілекші ел ретінде, қажеттілік туындаған жағдайда, қазақ халқы мен үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын", – делінген жеделхатта.

Елбасы Нұрсұлтан Назарьбаев та Түркияның Измир провинциясында жер сілкінісі салдарынан тұрғындардың зардап шегіп, қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын айтты.

"Қайғыларыңызға ортақтасып, марқұм болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіре отырып, бауырлас түрік халқының осы ауыртпалықты сабырмен еңсеретініне сенімдімін", – делінген жеделхатта.

Түркиядағы жер сілкінісі

30 қазан күні Түркияда магнитудасы 7 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан Измир провинциясында ғана емес грекиялық Самос аралында да сезілді.

Жер сілкінісінің эпицентрі - Измир провинциясының Сеферихисар қаласында. Жер сілкінісі әсерінен Эгей теңізінде цунами толқыны болды.

Соңғы мәліметке сәйкес, жер сілкінісі салдарынан Түркияда 25 адам, Грекияда екі адам көз жұмды. Түркияда 804 адам, Грекияда 20 кісі зардап шекті.

Жаңалықтар
0