23:13 21 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD429.76
  • EUR518.16
  • RUB5.64
Саясат
Қысқа сілтеме алу
2658 0 0

Қазақстан мемлекеттік басқару жүйесіндегі және билік органдарындағы әйелдердің үлесі бойынша посткеңестік елдер арасында көш бастап тұрған мемлекеттердің бірі

АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті басқару ісінде әйелдердің көбеюіне байланысты ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл мамырда сайлау туралы заңға ұлттық кеңес бастамасымен енгізілген өзгерістерге қол қойғаным белгілі. Соған сәйкес, партиялардың сайлауалды тізіміне әйелдер мен жастар үшін 30%-тік квота енгізу қажеттігі заңды тұрғыдан рәсімделді. Біз әйелдерге қолдау көрсетіп, олардың мемлекетті басқару ісіне барынша белсенді атсалысуын жүйелі түрде іске асырып келеміз. Статистикаға сәйкес, барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің 55%-тен астамы – әйелдер, сондай-ақ, парламент пен мәслихат депутаттарының 22%-і, судьялар корпусының 47%-і әйелдердің еншісінде", - деді Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы биыл еліміздің тарихында тұңғыш рет әйелдің облыс басшысы болғанын айтып өтті.

"Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан мемлекеттік басқару жүйесіндегі және билік органдарындағы әйелдердің үлесі бойынша посткеңестік елдер арасында көш бастап тұрған мемлекеттердің бірі. Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен елді билейді", - деді президент.

Президент мемлекет қатысатын компаниялардың басшылығындағы әйелдердің үлесі (5,7%) әлі де төмен екенін айтты. Айтуынша, мұндай жағдай әйелдердің әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік бермейді, себебі әйелдер ел халқының жартысынан көп бөлігін құрайды.

Президенттің айтуынша, ұлттық кеңес мүшелері осыған байланысты мемлекет қатысатын компаниялардың басшылығында әйелдердің үлесін 30%-ке дейін арттыру туралы міндетті норма енгізуді ұсынған.

Бұл бастаманы кезең-кезеңімен жүзеге асыруды ойлануымыз қажет. Бұл бизнес саласын әйелдер үшін тартымды етеді, деп түйіндеді президент.

Кілт сөздер:
әйелдер
Загрузка...

Басты тақырып