Саясат

"Өте маңызды қадам": Нығматулин алдағы мәжіліс сайлауы туралы айтты

© Photo : Пресс-служба мажилиса парламента Казахстана Спикер мажилиса парламента Нурлан Нигматулин
Спикер мажилиса парламента Нурлан Нигматулин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Парламент сайлауы барлық саяси партияның өз бағдарламаларын таныстыруға және халықтың сеніміне ие болуға үлкен мүмкіндік береді, дейді мәжіліс төрағасы

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттар сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезекті парламент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Әрине, парламент сайлауы еліміз үшін, соның ішінде халқымыз үшін өте маңызды қадам. Себебі парламент сайлауы барлық саяси партияның өз бағдарламаларын таныстыруға және халықтың сеніміне ие болуға үлкен мүмкіндік береді", - деді Нығматулин мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда мәжіліс спикері алдағы сайлау демократияның нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты күшейтуге және еліміздің дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

"Партиялар бәсекелестік күресте халық сенімінің мандатын ала алады. Тәуелсіздік жылдарында болған парламент сайлауы болсын, президент сайлауы болсын, қазақстандықтар үнемі жоғары саяси мәдениетті көрсетіп келеді. Алдағы сайлау да қоғамдық диалогқа, әріптестікке және еліміздегі көппартиялы демократияның дамуына жағдай жасайды деп білемін", - деп атап көрсетті Нығматулин.

Айта кетсек, парламенттің төменгі палатасының кезекті сайлауын өткізу күнін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен бекітті.

Сонымен, мәжілісі сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Қазақстан халқы Ассамблеясынан парламентке өтетін депутаттардың сайлауы 11 қаңтарға белгіленді. 

Жаңалықтар
0