Қоғам

Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

© Sputnik / Фотохост-агентство / Медиабанкке өтуНурсултан Назарбаев во время встречи с президентом России Владимиром Путиным в Кремле, архивное фото
Нурсултан Назарбаев во время встречи с президентом России Владимиром Путиным в Кремле, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әңгіме барысында қалалық және туристік инфрақұрылымның ауқымды құрылысы жүріп жатқан Түркістанды қайта түлету мәселесі де сөз болды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстанның тұңғыш президентінің баспасөз қызметі. 

Әңгіме барысында Елбасы мен Абу-Дабидің тақ мұрагері Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян жуырда Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің Абу-Даби қаласына жасаған жұмыс сапарының нәтижелеріне назар аударды.

Оқи отырыңыз: 100 мың отбасыға 50 мың теңгеден беріледі – Назарбаев тапсырма берді

Сапар аясында Қазақстанда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, мұнай химиясы және фармацевтика сияқты салаларда жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру туралы үкіметаралық құжатқа қол қойылған болатын.

Сондай-ақ тараптар қазіргі уақытта қалалық және туристік инфрақұрылымның ауқымды құрылысы жүріп жатқан Түркістанды қайта түлету тақырыбына тоқталды.

Соңында Елбасы мен Абу-Дабидің тақ мұрагері бауырлас екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі тереңдейтініне және кеңейе түсетініне сенім білдірді.

 

Жаңалықтар
0