Саясат

Тоқаев Шойгуді "Достық" орденімен марапаттады

Жазылу
Тоқаев Сергей Шойгуді Жеңістің 75 жылдығына арналған парадтың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өткізілгенімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан - Sputnik. Қазақстан президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.

"Әскери-техникалық сала, әскери бағыт Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарда маңызды орын алады", – деді gрезидент.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қол қойылған Әскери ынтымақтастық туралы шартты құптады және оның Ресей Қорғаныс министрінің Қазақстанға жасаған сапарының маңызды нәтижелерінің бірі екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сергей Шойгуді Жеңістің 75 жылдығына арналған парадтың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өткізілгенімен құттықтады.

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанҚазақстан президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
Тоқаев Шойгуді Достық орденімен марапаттады - Sputnik Қазақстан
Қазақстан президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады

Ресей Қорғаныс министрі кездесуге және қазіргі заманның өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік жасағаны үшін Қазақстан gрезидентіне алғыс айтты.

"Әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың дәстүрлі стратегиялық және одақтастық сипаты бар. Бүгінгі қол қойған келісімнің аса маңызды екені сөзсіз. Бұл барлық әскери ынтымақтастық туралы келісімдердің ішіндегі ең ауқымдысы әрі мазмұндысы", – деді Сергей Шойгу.  

Ресейдің Қорғаныс министрі Қазақстан әскерилерінің Қызыл алаңда өткен Жеңістің мерейтойлық парадына жоғары деңгейде қатысқаны үшін Мемлекет басшысына алғысын білдірді. Оның айтуынша, бұл екі ел арасындағы қатынастардың жоғары деңгейде екенін көрсетті. Сонымен қатар ол Қазақстан Қарулы Күштері сарбаздарының Халықаралық әскери ойындарға белсенді қатысқанын атап өтті.

Кездесу соңында Қазақстан президенті әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Сергей Шойгуді І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Жаңалықтар
0