16:00 29 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD430.51
  • EUR505.72
  • RUB5.51
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1166 0 0

Елдің барлық саяси күштерінің Қырғыз Республикасы Конституциясының нормалары мен қағидаттарын қатаң сақтайтына үміт артып отырмыз, деді министр

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан - Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғызстандағы жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді.

"Қазақстан Қырғызстандағы жағдайдың айқындалып келе жатқан тұрақталу үрдісін ризашылықпен қабылдайды. Көрші мемлекеттегі оқиғаларды тек қана ішкі мәселесі ретінде қарастырамыз. Жаңадан құрылған үкіметті қазіргі күрделі саяси жағдайда өз әрекеттерін тұрақтылық, құқық үстемдігі, қоғамды біріктіру, экономикалық даму үшін жағдай жасауға бағыттауға шақырамыз", - деді министр.

Елдің барлық саяси күштерінің Қырғыз Республикасы Конституциясының нормалары мен қағидаттарын қатаң сақтап, дағдарыс жағдайынан абыроймен шығуға мүмкіндік беретін салмақты және іскер шешімдерді іздеуге бар күш-жігерін жұмсайтынына үміт артамыз, деп толықтырды ол.

"Елдерді қиын кезеңде өзара көмек пен қолдауға негізделетін бауырлас және тату көршілік тарихи қарым-қатынас байланыстырады. Қазақстан Қырғызстанның саяси тұрғыдан тұрақты және экономикасы өркендейтін ел болуына, Мәңгілік достық туралы және Одақтастық қатынастар туралы шарттар аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың ары қарай жалғасуына мүдделі", - деді Тілеуберді.

Қырғызстандағы ахуал

Сооронбай Жээнбеков Жогорку Кенештің (парламент) мемлекеттік резиденциясында президент өкілеттігін тоқтатып, өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеді.

Парламент спикері Қанат Исаев мемлекет басшысы міндетін атқарудан бас тартып, бұл құқық премьер-министр Садыр Жапаровқа көшті.

Қырғызстан Конституциясына сәйкес, парламенттік сайлау екі ай ішінде өтуі тиіс, ал президент сайлауы үш ай ішінде болады.

Тақырып бойынша

Сандарды "сөйлеткен" Құралай Бақытқызы Қырғызстандағы тұрақсыздықтың себебін болжады
Ақорда Қырғызстандағы оқиға туралы бірлескен мәлімдемені жариялады
Қырғызстанда арнайы қызметтер жаңа басшыға бағынбай, ғимараттан шығарып жіберді
Қырғызстандағы дүрбелең басталған бір аптада қандай оқиғалар болды?
Тоқаев пен Путин Қырғызстандағы оқиға жөнінде сөйлесті
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, мәлімдеме, Қырғызстан, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып