Саясат

Шойгу екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты жоғары бағалады

© Photo : Пресс-служба министерства обороны КазахстанаВстреча министра обороны Казахстана Нурлана Ермекбаева с российским коллегой Сергеем Шойгу в рамках его официального визита
Встреча министра обороны Казахстана Нурлана Ермекбаева с российским коллегой Сергеем Шойгу в рамках его официального визита - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдің қорғаныс министрі Қазақстанды Ресейдің негізгі стратегиялық одақтасы және жақын серіктесі деп атады

АЛМАТЫ, 16 қазан – Sputnik. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Нұр-Сұлтанға сапары кезінде Қазақстанмен арадағы әскери ынтымақтастық жоғары деңгейге көтерілгенін мәлімдеді.

Бұған дейін Ресей министрінің Қазақстанға сапары кезінде бірқатар құжатқа қол қою жоспарланып отырғаны хабарланды. Олардың ең бастысы – әскери ынтымақтастық туралы мемлекетаралық шарт.

"Оның ережелері қазіргі замандағы жағдайға және қауіпсіздік саласындағы ықпалдастықтың қол жеткен деңгейіне толық сәйкес келеді. Қазақстан – Ресеймен кең ауқымды әскери ынтымақтастық пен терең әрі жан-жақты келісімді жүзеге асырып жатқан аз елдің бірі", - деді Шойгу әріптесі Нұрлан Ермекбаевқа.

Ресейдің қорғаныс министрі Қазақстанды пандемияға қарамастан әскери ынтымақтастық дамып келе жатқан Ресейдің "негізгі стратегиялық одақтасы" және "жақын серіктесі" деп атады, деп хабарлайды РИА Новости.

"Жедел және жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шараларына, оның ішінде ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ-ның көпжақты форматы шеңберіндегі іс-шараларға, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғанудың бірыңғай өңірлік жүйесін дамытуға назар аударамыз", - деп атап өтті Шойгу.

Оның айтуынша, Қазақстанда Ресей қорғаныс министрлігінің сынақ полигондары жұмыс істейді, жеңілдетілген тәртіппен ресейлік әскери жүктердің транзиті мәселесі шешіліп жатыр.

Қазақстан АрМИ-2021 ұйымдастырушысы болуға дайын

"Біз екіжақты форматтағы іс-шараларға ғана емес, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ТМД-дағы көпжақты ынтымақтастық шеңберіндегі шараларға да белсенді қатысамыз. Қорғаныс ведомстволары басшыларының орынбасарлары деңгейінде құрылған қорғаныс консультациялары институты қол жеткен уағдаластықтарды іске асыруда басымдықтарды түзетуге және айқындауға мүмкіндік беретін тетік болып табылады", - деп атап өтті өз кезегінде Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.

Қазақстан мен Ресей өңірлік қорғаныс мүддесін стратегиялық әріптестіктің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастыра отырып, қорғаныс және әскери-техникалық салаларда байланысын тұрақты түрде жетілдіріп отырады. Екі жақты ынтымақтастықтың негізгі элементі – әскери дайындық, әскери-техникалық ынтымақтастық және кадр даярлау мәселесі, деп атап өтті Қазақстанның қорғаныс ведомствосы.

© Photo : Пресс-центр министерства обороны Казахстана Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың ресейлік әріптесі Сергей Шойгумен ресми сапары аясында кездесті
Шойгу екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты жоғары бағалады - Sputnik Қазақстан
Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың ресейлік әріптесі Сергей Шойгумен ресми сапары аясында кездесті

Биыл санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазақстандық әскери қызметшілер "АрМИ-2020" байқауына толыққанды қатыса алмады. Дей тұрғанмен ведомство қазақстандық тараптың халықаралық армия ойындарына одан әрі қатысуға мүдделі екенін, сондай-ақ 2021 жылы оны ұйымдастыруға дайын екенін атап өтті.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейі қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізу бойынша бірлескен жобаларды толық көлемде іске асыруға мүмкіндік беретіні айтылды.

Әскери ынтымақтастық туралы жаңа шарт

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей қорғаныс министрлері екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық туралы жаңартылған шартқа қол қойды.

Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жаңартылған келісімге сәйкес, әскери ынтымақтастық кең ауқымда жүзеге асырылады. Сондай-ақ, әскери білім беру мен кадрларды даярлауды, қару-жарақ пен техниканы жеткізуді, бірлескен екіжақты және көпжақты оқу-жаттығуларға, әскерлердің жауынгерлік даярлық іс-шараларына қатысуды қамтиды.

Жаңартылған шарт бітімгершілік қызметті, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды, өңірлік қауіпсіздіктің, мәдениет пен спорттың сын-тегеуріндері мен қатерлеріне қарсы іс-қимылды қамтитын өзара іс-қимылдың жаңа бағыттары мен нысандарымен де толықтырылды.

Шарт ережелерін дамыту үшін әскери салада үш жылға арналған стратегиялық әріптестік бағдарламасы әзірленіп жатыр. Ол әріптес мемлекеттер бірлесе атқаратын бағдарларды айқындайды және бірлескен іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын дайындауға негіз болады.

Қандай құжаттарға қол қойылды

Келіссөздер қорытындысы бойынша 2 екіжақты құжатқа қол қойылды: Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі мен Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі арасындағы тамақтандыруды ұйымдастыру кезіндегі өзара есеп айырысу тәртібі туралы келісім және Қазақстан мен Ресей қорғаныс министрліктері арасындағы 2021 жылға арналған екі жақты әскери ынтымақтастық жоспары.

 

Жаңалықтар
0