19:31 31 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD432.64
  • EUR505.02
  • RUB5.47
Саясат
Қысқа сілтеме алу
86 0 0

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қою жоспарланып отыр

АЛМАТЫ, 16 қазан – Sputnik. Ресей Федерациясының қорғаныс министрі, армия генералы Сергей Шойгу Қазақстанға келді. Әскери ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қою жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ресми сапар барысында өңірлік қауіпсіздік мәселелері, әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен дамуы сөз болады. Сондай-ақ, 2019-2021 жылдарға арналған стратегиялық әріптестік бағдарламасын іске асыру барысын талқылау үшін Қазақстанның әскери-саяси басшылығымен кездеседі", - деп хабарлады Ресейдің қорғаныс министрлігі.

Кездесу барысында әскери ынтымақтастық туралы мемлекетаралық шартқа, сондай-ақ келесі жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қою жоспарланып отыр.

Бұған дейін Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгудың Қазақстанға 16 қазанда ресми сапармен келетіні хабарланды.

Ол қазақстандық әріптесімен және елдің саяси басшылығымен қорғаныс саласындағы көпжақты өзара іс-қимыл мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді.

Тақырып бойынша

Қорғаныс министрлігі ұшаққа қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді
Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді
Қорғаныс министрі әскерилердің коронавирустың екінші кезеңіне дайындығы туралы айтты
ТМД елдері әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің дайындығын тексерді – видео
ШЫҰ-ның терроризмге қарсы оқу-жаттығуы 2021 жылы өтеді – қорғаныс министрлігі
Кілт сөздер:
Қазақстан, қорғаныс министрі, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып