Саясат

Әзербайжан мен Армения басшысы Қарабақтағы жағдайға байланысты Sputnik-ке сұқбат берді

© Минобороны Азербайджана / Медиабанкке өтуВоенный конфликт в Карабахе
Военный конфликт в Карабахе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ильхам Әлиев пен Никол Пашинян келіссөз кезінде қандай шарттарды қабылдамайтынын және Қарабақтағы қақтығысты шешу үшін қандай әрекетке бармайтынын айтты

АЛМАТЫ, 16 қазан – Sputnik. Әзербайжан президенті мен Арменияның премьер-министрі өз елі үшін нені "қызыл сызық" деп санайтынын айтты.

Баку Қарабақтың тәуелсіздік алуына келіспейді

"Қызыл сызыққа" келер болсақ, біз бұл туралы бұған дейін де нақты жауап бердік. Мұны Минск тобы да жақсы біледі. Әзербайжанның аумақтық тұтастығы ешқандай жағдайда бұзылмайды, Әзербайжан Таулы Қарабақтың тәуелсіздік алуына ешқандай жағдайда келісім бермейді", - деді Ильхам Әлиев "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселевке арнайы Sputnik үшін берген сұқбатында.

Қарабақ өз тағдырын өзі шешу керек – Пашинян

Сұқбат кезінде Никол Пашинян Ереван үшін "қызыл сызық" Таулы Қарабақтың өз тағдырын өзі шешу құқығы екенін атап өтті.

"Осындай шекара бар, бұл шекара – Таулы Қарабақ халқының таңдау құқығы. Армения әрдайым осындай ымыраға келуге дайын болды",- деді Пашинян екі ел басшысының бір мезетте Sputnik-ке берген сұқбатында.

Пашинян Армения нақты ымыраға келуге дайын болған кездегі Қазан бастамасы жайлы да айтты. Алайда Әзербайжан ол келісімге қол қоюдан бас тартты, өйткені Әзербайжан Таулы Қарабақ халқының шешім қабылдау құқығы бар екенін қабылдағысы келмеді және әлі де қабылдай алмай келеді, деді ол.

"Таулы Қарабақ өзі үшін шешім қабылдай алады, бұл біз үшін – "қызыл сызық", біз оны аттап кете алмаймыз", - деп түйіндеді Пашинян.

Қарабақтағы жағдайдың ушығуы

27 қыркүйекте Әзербайжан қорғаныс министрлігі Армения Қарулы күштерінің Қарабақ маңындағы елді мекендерге оқ жаудырғанын мәлімдеді. Құрбан болғандар бар. Ал Армения қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Қарабақ Әзербайжан тарапынан "әуе және зымыран шабуылына" ұшырады.

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының басшысы Араик Арутюнян ел ішінде соғыс жағдайын енгізді. Арменияда да әскери жағдай енгізіліп, жалпы жұмылдыру жарияланды.

Қарабақтағы қақтығыс тарихы

Қарабақтағы қақтығыс 1988 жылы ақпанда басталды. Ол кезде Таулы Қарабақ автономиялық облысы кеңестік Әзербайжан құрамынан шыққанын жариялады. 1992-1994 жылдардағы қарулы қақтығыс кезінде Баку Таулы Қарабақ пен оған іргелес жатқан жеті ауданды бақылауды уысынан шығарып алды.

1992 жылдан бастап ЕҚЫҰ-ның Минск тобы шеңберінде Ресей, АҚШ және Франция төрағалығымен жанжалды бейбіт шешу бойынша келіссөздер жүргізіліп келеді.

Жаңалықтар
0