Саясат

Қазақстанның төтенше жағдайлар вице-министрлері тағайындалды

© Sputnik / Абзал КалиевКадровые перестановки, иллюстративное фото
Кадровые перестановки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ибрагим Күлшімбаев, Мереке Пішембаев және Марат Күлдіков төтенше жағдайлар министрінің орынбасары болды

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Үкімет қаулысымен үш төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі. 

Бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев туралы не білеміз

1972 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1994 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 2004 жылы Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы Қарағанды облысындағы Нұра ауданының Амантау кеңшарында автопарк механигі болып бастаған.

1996-1999 жылдары — Қазақстан қорғаныс министрлігі 1-армия корпусы 78 танк дивизиясы 143 танк полкінің штаб бастығының орынбасары, танк взводының командирі.

2000-2004 жылдары — ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары.

2004-2005 жылдары — Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар басқармасы дайындық және оқыту орталығының бөлім басшысының орынбасары.

2005 жылдан бастап 2009 жылға дейін Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің құрылымында жұмыс істеді.

2009-2013 жылдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою міндеттерін орындайтын ҚР ТЖМ 52859 әскери бөліміне басшылық етті.

2013-2016 жылдары — Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары.

2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарды. 

Вице-министр Мереке Пішембаев туралы не білеміз

1962 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Өскемен жол-құрылыс институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын, РФ президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. Мамандығы — инженер-құрылысшы, экономист, менеджер.

Еңбек жолын 1985 жылы Павлодар облыстық автомобиль жолдары басқармасының Май аудандық автомобиль жолында аға жол шебері, бас инженер болып бастаған.

1986 жылдан бастап 1996 жылға дейін квазимемлекеттік секторда түрлі лауазымдарды атқарған.

1997 жылғы қыркүйектен 2000 жылдың ақпанына дейін көлік және коммуникациялар министрлігінде басшылық лауазымдарда еңбек еткен.

2000-2002 жылдары – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік автомобиль жолдары мекемесінің директоры, Солтүстік Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2002-2013 жылдары — көлік және коммуникациялар министрлігінің автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінің "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.

2013 жылдан бастап 2014 жылға дейін — көлік және коммуникациялар вице-министрі;

2014 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы наурызға дейін — инвестициялар және даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің төрағасы.

2019 жылғы наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды. 

Вице-министр Марат Күлдіков туралы не білеміз

1967 жылы Семей облысында туған. 1994 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін "өрттен қорғану техникасы және оны ұйымдастыру" мамандығы бойынша, 2000 жылы ҚР ТЖК Көкшетау техникалық институтын "өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша  бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Семей қаласын күзету жөніндегі ІІБ №79 әскерилендірілген өрт сөндіру бөліміне бағынысты өрт сөндіруші болып бастады.

1993-2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшы құрамының түрлі лауазымдарын атқарды. 

2008-2012 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары – Семей қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы.

2012-2014 жылдары – Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2014-2016 жылдары – Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы. 

2016-2019 жылдары – ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылдан бүгінгі күнге дейін төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 

Оқи отырыңыз: Марченко Еуразия даму банкі басқарма төрағасының кеңесшісі болды

Жаңалықтар
0