Саясат

Қырғызстандағы ахуал: Мәсімов Суваналиевпен жағдайды талқылады

© Sputnik / Владислав ВодневКарим Масимов
Карим Масимов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Өмірбек Суваналиевпен телефон арқылы сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан — Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары – Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Өмірбек Суваналиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Тараптар Қырғызстанда қалыптасқан жағдайды талқылнды. Мәсімов жағдайдың тез қалпына келетініне сенім білдірді. 

"Әрекеттегі уағдаластықтар аясында екі ведомствоның ынтымақтастығын жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді", - делінген ақпаратта.

Қырғызстандағы жағдай

5 қазанда Ала-Тоо алаңында оппозицияның наразылық акциясы өтті. Парламент сайлауының алдын ала қорытындысымен келіспейтіндер жиналды. Олар "Ақ үйге" кірмек болғанда, халық пен милиция арасында қақтығыс басталды. Митингіге шыққандар түнде президент аппараты мен "Жогорку Кенеш" парламенті отыратын "Ақ үйге" басып алды. 

Артынан наразылыққа шыққандардың бір бөлігі Алмазбек Атамбаевты босату үшін мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне аттанды. Оны босатып, Ала-Тоо алаңына жеткізді. Бұдан бөлек, митингке шыққандар бұрынғы премьер-министрлер Сапар Исаков пен Жанторо Сатыбалдиевті, экс-депутаттар Садыр Жапаров пен Равшан Жээнбековті босатып алды. 

6 қазанда таңертең наразылық акциясына шыққан халық Бішкек мэриясын басып алды. 

Қақтығыс салдарынан мыңдаған адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды. Қырғызстан премьері  Қубатбек Боронов  отставкаға кетті. Сооронбай Жээнбековтің баспасөз хатшысы президент Бішкек қаласында барлық саяси күштермен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады. Ол оппозиционерлерді бірнеше мәрте диалогқа шақырды, алайда ресми келіссөз әлі болған жоқ.

Жаңалықтар
0