Саясат

Мамин мен Мишустин Мәскеуде кездесті

© MURZABAEV_NARIMAN / пресс-служба премьер-министра КазахстанаАскар Мамин и Михаил Мишустин
Аскар Мамин и Михаил Мишустин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзекті мәселелер мен COVID-19-дың таралуына жол бермеу жайы талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан — Sputnik. Мәскеуге жұмыс сапарымнен барған Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперациядағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. COVID-19 індетінің таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар Мәскеу қаласына сапар барысында премьер-министр Маминнің Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен кездесулері жоспарланған.

Жаңалықтар
0