19:29 31 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD432.64
  • EUR505.02
  • RUB5.47
Саясат
Қысқа сілтеме алу
34 0 0

Қазақстанның тұңғыш президенті Ресей басшысына мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат пен қызметте табыс тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Қазақстанның тұңғыш президенті Владимир Путинді туған күнімен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат пен достас Ресей халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі, деп хабарлады Elbasy.kz.

Елбасы Ресей президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.

Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Путин Қырғызстандағы оқиға жөнінде сөйлесті 

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірдегі қазіргі ахуалдың даму барысын талқылап, жаһандық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.

Соңында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың үлгі боларлықтай жоғары деңгейін және  қарым-қатынастарды екі елдің мүддесіне сай одан әрі дамытудың келешегі зор екенін атап өтті.

Тақырып бойынша

Путин Назарбаевты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Мәскеуде Назарбаевқа жоғары марапат тапсырылды
Назарбаевтың денсаулығына қатысты ақпарат шықты
ЕАЭО мен Өзбекстан басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа телефон соқты 
Кілт сөздер:
құттықтау, Владимир Путин, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып