Саясат

"Өкінішпен қабылдадым": Назарбаев Трампқа жеделхат жолдады

© Sputnik / Фотохост-агентство / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев, архивтегі сурет
Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трампқа жеделхат жолдады. Елбасы оған індеттен тезірек сауығып кетуді тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трамп пен оның жұбайы Мелания Трамптың коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді,  деп хабарлайды Елбасы сайты.

"Сіздің және бірінші ханым Мелания Трамптың коронавирус індетіне байланысты тапсырған тестінің оң нәтиже көрсеткені туралы хабарды өкініш сезімімен қабылдадым. Өзіңізді күш-қуаты мол, жігерлі әрі сынақтарды үнемі жеңіл еңсеретін тұлға ретінде білемін. Осы дерттен тезірек сауығып, Америка халқының өркендеуіне бағытталған жауапты қызметіңізге оралуыңызды тілеймін", - делінген жеделхатта.

Елбасы қазір бүкіл әлем күрделі кезеңді бастан өткеріп жатқанын, жақын болашақта өзара қолдау мен түсіністік негізінде пандемияны жеңіп, еш кідіріссіз даму жолына қайта оралатынына кәміл сенетінін жеткізді.

"Бұл жағдайды өз басымнан өткізген адам ретінде сіздерді дәрігерлердің ақыл-кеңесін ұстанып, айтқанын орындауға шақырамын", – деді ол.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та АҚШ президенті мен жұбайына коронавирустан тезірек сауығып кетуді тіледі.

2 қазан күні Дональд Трамп өзі және әйелі Мелания коронавирус жұқтырғанын хабарлады. АҚШ президенті жұбайымен бірге оқшауланып, карантинге кетті.

Соңғы деректер бойынша АҚШ-та 7 миллионнан астам адам індетке шалдыққан. 208 мың науқас қайтыс болды.

Жаңалықтар
0