Саясат

Мамин мен Мишустин телефон арқылы сөйлесті

© Sputnik / Александр Астафьев / Медиабанкке өту Председатель правительства РФ Михаил Мишустин и премьер-министр Казахстана Аскар Мамин (слева) во время встречи в Алматы
 Председатель правительства РФ Михаил Мишустин и премьер-министр Казахстана Аскар Мамин (слева) во время встречи в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Ресей үкіметінің басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы әріптестік мәселесін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ресейлік кабминнің баспасөз қызметі хабарлады.

Екі елдің үкімет басшылары Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық әріптестігі мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара байланыс мәселесін талқылады. 

Сондай-ақ, Мамин мен Мишустин үкімет бағыты бойынша кездесулердің кестесін сөз етті.

Еске сала кетсек, 9 қазанда ЕАЭО-ға мүше елдердің қатысуымен Арменияда үкіметаралық кеңес отырысы өтеді. Бұған дейін Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян елде әскери жағдай енгізілгеніне қарамастан, үкіметаралық отырысты қабылдауға әзір екенін жеткізді.

Жаңалықтар
0