Саясат

Тоқаев Мәдиев пен Өтеновті жаңа қызметке тағайындады

© Sputnik / Владислав ВодневОсенний день в Нур-Султане
Осенний день в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасарларын тағайындау туралы президент өкімі жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан — Sputnik. Әркен Өтенов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметін Жаслан Мәдиев атқаратын болады, деп хабарлайды Ақорда.

Ол тағайындауға дейін ұлттық экономика вице-министрі болған.

Жаңа агенттік

Еске сала кетсек, 14 қыркүйекте мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовті стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев президентке тікелей бағынатын стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін қайта құру туралы шешім қабылдады. Оған стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік статистикалық қызмет салаларындағы ұлттық экономика министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері берілді.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің міндеті:

  • реформаларды жүзеге асыру тәсілдерін, реформаларды жүзеге асыруға қажетті, сондай-ақ олардың іске асырылу барысын мониторингтеу мен бағалау  бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу;
  • мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын дайындау кезінде, сондай-ақ оларды келісу, іске асыру барысын мониторингтеу мен бағалау бойынша мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін үйлестіру;
  • мемлекеттік органдардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын келісу;
    елдің дамуы мен халықаралық ахуалды стратегиялық болжамдау мен  талдау жүргізу;
  • ведомстволық статистика саласындағы жұмысты үйлестіру;
  • орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер берілді.
Жаңалықтар
0