07:15 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1261911

Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясының 75 жылдығына және жалпы дебаттардағы күн тәртібіне байланысты ағылшын тілінде екі бейнеүндеу жасайды деп жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлі президенттің бүгінгі үндеуі туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен сағат 20.00-ден кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі кездесуде бейнеүндеу жасайды", - деп жазды Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, БҰҰ Бас ассамблеясының 75-сессиясы онлайн форматта өтеді. Мемлекет басшылары бейнебайланыс форматында сөз сөйлейді. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының 75 жылдығына және жалпы дебаттардағы күн тәртібіне байланысты ағылшын тілінде екі бейнеүндеу жасайды деген жоспар бар.

Қазақстан президенті 21 қыркүйекте Біріккен ұлттар ұйымы 75 жылдығына арналған жоғары деңгейдегі кездесуге, ал 23 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының жалпы дебатына қатысады.

"Ол кезде мені қолдамады": Тоқаев 12 жыл бұрынғы болжамы дәл келгенін айтты

Президент өз баяндамаларында халықаралық өзекті мәселелерді шешу ісіндегі әлемдік қоғамдастықтың іс-қимылдарын үйлестірудің маңыздылығын, атап айтқанда, коронавирус індетімен күрес, жаһандық экономикалық өсімді қалпына келтіру, терроризмге қарсы іс-қимыл, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану, климаттың өзгеруі сияқты проблемаларды көтереді. Бұдан бөлек, президент халықаралық саясаттағы БҰҰ-ның рөлін күшейту, Орталық Азиядағы өңірлік ықпалдастық салалары бойынша жүзеге асырылуы тиіс мәселелерді қозғап, бірқатар халықаралық бастамаларды ұсынады.

Тақырып бойынша

Тоқаев Қытай төрағасы телефонмен сөйлескенде өзіне не дегенін айтты
БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанның коронавируспен күреске елеулі үлес қосқанын айтты
Қазақстан қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге үлес қоса алады – Тоқаев
Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды
Кілт сөздер:
БҰҰ, бейнеүндеу, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып