10:05 27 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.59
  • EUR507.30
  • RUB5.62
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1987 0 0

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған еді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Серік Жұманғарин Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Президент халыққа жолдауында бәсекелестікті дамыту мен қорғау бойынша мықты әрі тәуелсіз орган қажет екенін айтқан болатын. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей президентке бағынатын бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігін құруды тапсырды.

Серік Жұманғарин туралы не білеміз

Серік Жұманғарин 1969 жылы туған. Мәскеу энергетика институтын және Бөкетов атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдады. 2013 жылы Халықаралық бизнес академиясында магистр дәрежесін алды.

Вице-министр национальной экономики РК Серик Жумангарин
© Photo : primeminister.kz
Серік Жұманғарин

Бұған дейін өңірлік даму вице-министрі, ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы, ұлттық экономика вице-министрі қызметтерін атқарды.

2019 жылдың мамырынан – Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі (министр).

Бұған дейін Жұманғарин шараға қатысы жоқ сұрақтар қойған тілшілерге "жынымды келтірмеңізші" деп жауап беріп, аты шыққан еді. Бұрынғы вице-министрдің бұлай жауап беруіне тілші Арай Сүгірбайдың тарифтер туралы сұрағы себеп болды. Бұл сауал шенеунікке жақпай қалған, ол сол кезде шағын және орта бизнесті қолдау туралы сөйлескісі келген болатын. Кейін Жұманғарин баспасөз қызметі арқылы БАҚ өкілдерінен кешірім сұрады.

Кілт сөздер:
төраға, Серік Жұманғарин, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып