Саясат

Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады

© Photo : сайт ЕлбасыНурсултан Назарбаев
Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Nur Otan" партиясының төрағасы Қазақстан үшін маңызды саяси шара – праймеризге белсенді қатысуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймериздің басталуына байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады.

"Nur Otan партиясының мүшелері мен жақтастарын еліміз үшін маңызды саяси шараға белсенді қатысуға шақырамын!" - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол үш жыл бұрын конституциялық реформа жүргізіліп, партиялық-саяси жүйені терең жаңарту үшін негіз қаланғанын атап өтті. Парламенттің рөлі мен үкіметтің есеп беруге міндеттілігі күшейтілді. Қазақстан өкілдік органдарды сайлаудың пропорционалды жүйесіне көшті.

"Биыл саяси партияларды тіркеудің сандық шегі екі есе азайтылды. Партиялық тізімдерге әйелдер мен жастар үшін 30% квота заңнама арқылы енгізілді. Партия билікке жаңа адамдарды – өз ісінің шеберлерін, беделді лидерлерді, шешім қабылдап, сындарлы ұсыныстар жасай алатын ел жанашырларын ұсынудың қайнар көзі болуы керек", - делінген Қазақстанның тұңғыш президентінің үндеуінде.

Оқи отырыңыз: Бауыржан Байбек Елбасының шешімін жария етті

Nur Otan "Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам" бағдарламасын қабылдады, деп еске алды Елбасы.

"Бүкіл елде ауқымды праймериз өткізу билеуші ​​партияны "қайта реттеудің" нәтижесі болмақ. Бұл – партияішілік сайлау, нағыз әлеуметтік лифт. Бәсекелестік таңдау, жаңа идеялар мен жобаларды іздеу. Бұл идеяны көптеген танымал саясаттанушы мен азаматтық белсенділер қолдады. Nur Otan жақтастарының лигасына біріккен белсенді азаматтық ұстанымдағы бұл адамдар реформаларға қатысуға дайын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.   

Ол бастысы – барлық қатысушы үшін ашық және әділдікті, тең жағдай мен бәсекелестікті қамтамасыз ету екенін атап өтті.

"Сенім мен өзара құрмет жағдайында азаматтарды толғандыратын мәселелер көтерілетініне сенімдімін. Партия айтылған мәселелерді бақылауға алуы тиіс. Барлық шешім әр ауданның, қаланың, облыстың сайлауалды бағдарламасына ену үшін бюджеттік мүмкіндіктермен байланысты болуы қажет", - деп толықтырды Елбасы.  

Ел алдында пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру, жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті жандандыру мәселесі тұр, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Сондай-ақ, пандемиямен күресу мәселесін талдап, оның екінші толқынына дайындалуымыз керек. Мұның бәрі партияның сайлауалды бағдарламасына енгізіліп, нұротандықтардың алдағы бес жылдағы іс-қимылының нұсқаушысы болады", - деп түйіндеді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 24 тамызында Nur Otan саяси кеңесі бюросының отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды.

Жаңалықтар
0