Саясат

Сенат төрағасы парламент сайлауына қатысты мәлімдеме жасады

© Photo : Пресс-служба сената парламента Республики КазахстанПредседатель сената парламента Маулен Ашимбаев
Председатель сената парламента Маулен Ашимбаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Қазақстанның барлық өңірінде сенат сайлауы өтеді. Дауыс беру нәтижесінде 46 кандидаттың 17-сі сенат депутаты болып сайланады

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев парламенттің жоғарғы палатасындағы сайлауға қатысты пікір білдірді.

Палата спикері Сенат құрамының ішінара жаңаруы үш жылда бір рет өтетінін еске салды.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әр облыстан, астанадан және республикалық маңызы бар қалалардың әрқайсысынан бір депутат сайланады.  Барлығы 17 депутат. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де маңызды мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, палатаның 15 депутатын мемлекет басшысы тағайындайды", - деп жазды Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен қатар Әшімбаев қазіргі заң шығару жүйесіне сәйкес, сенат заң жобаларының сапалы қаралуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

"Мәжіліс депутаттарының партиялық тізімдер бойынша және Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын ескерсек, сенатта өңірлер мүддесінің білдірілуі аса маңызды", - деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ, сенат төрағасы заңдарды қабылдау жөніндегі мәселелер жан-жақты және әрі терең зерттеліп, заң қабылдау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуі тиіс екенін айтты. Аталған жұмыстың сапасы мемлекеттік органдардың нормаларына, яғни, тұтас елдің тыныс-тіршілігіне ықпал етеді.

"Әр қабылданған заңның ондаған мың отбасының өміріне тікелей әсері бар. Осы ретте парламент палаталарының жұмысы заң шығару үдерісінің барынша тиімді болуына мүмкіндік береді. Заңдарды елдің, сондай-ақ, әр азаматтың мүддесін ескеріп, қабылдауды қамтамасыз етеді", - деді сенат төрағасы.

Сонымен қатар сенат төрағасы жаңадан сайланған сенаторлар тиісті өкілеттікті алған сәттен бастап мемлекеттің стратегиялық міндеттерін орындау үшін белсенді жұмыс істейтініне сенім білдірді.

Айта кетейік, Қазақстанның барлық өңірінде сенат сайлауы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11:00-де басталады. Сайлау қорытындылары 2020 жылдың 18 тамызынан кешіктірілмей жарияланады. Орталық сайлау комиссиясы сайланған депутаттарды 2020 жылдың 14 қазанына дейін тіркеледі.

Жаңалықтар
0