Саясат

Денсаулық министрі Біртанов қызметінен босатылды

© Sputnik / Абзал КалиевМинистр здравоохранения Елжан Биртанов
Министр здравоохранения Елжан Биртанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақорда тиісті жарлықты жариялады. Біртановтың орнына министр міндетін уақытша атқарып жүрген Алексей Цой келгені хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қызметінен босатылды.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды", -деп жазылған Ақорда сайтында.

Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігін үш жарым жыл, 2017 жылдың 25 қаңтарынан бері басқарды.

Біртановтың орнына жуырда ғана денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалған Алексей Цой келді.

Еске сала кетсек, Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған болатын. Қазір экс-басшы астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирустан емделіп жатыр. Оған "пневмония" диагнозы қойылды. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы қалыпты.

Тағы оқыңыз: Жаңа денсаулық министрі Цой туралы не білеміз?

25 маусымда премьер-министр Асқар Мамин денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырғаны белгілі болды.

Мамин коронавирус пандемиясымен күрес жағдайында халықтың денсаулығын қорғау бойынша денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған шешімдердің маңыздылығын атап өтті.

primeminister.kz ақпаратынша, экс-министр Елжан Біртанов денсаулығына байланысты қызметінен кету туралы өтініш берген. Ол ауруына және одан әрі емделуіне байланысты денсаулық сақтау саласын басқару қиынға соғатынын жеткізген.

Жаңалықтар
0