Саясат

Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері Тоқаевтың сапарын талқылады

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуВизит министра иностранных дел РФ С. Лаврова в Казахстан
Визит министра иностранных дел РФ С. Лаврова в Казахстан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тараптар сондай-ақ 2020 жылдың қарашасында Көкшетауда өтетін Қазақстан мен Ресей XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелерін талқылады

АЛМАТЫ, 9 маусым – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров бейнеконференция арқылы келіссөздер жүргізді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.   

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысу үшін Мәскеуге алдағы сапарына дайындық мәселелері талқыланды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар Тілеуберді мен Лавров 2020 жылдың қарашасында Көкшетауда өтетін Қазақстан мен Ресей XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелерін талқылады.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары саяси, экономикалық салалардағы, соның ішінде транзиттік-көліктік, энергетикалық және әскери-техникалық бағыттардағы Қазақстан-Ресей жан-жақты стратегиялық әріптестігінің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан президенті Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысады

Сндай-ақ, қос тарап ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, БҰҰ аясындағы кооперация мәселелерін қарастырды.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Мәскеуге 24 маусымда өтетін Жеңіс парадына шақырды. Тоқаев Twitter парақшасында шақыруды ризашылықпен қабылдағанын хабарлады.

Жаңалықтар
0