07:43 25 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD424.49
  • EUR504.51
  • RUB5.59
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1344 0 0

Депутаттық өкілеттікті тоқтату туралы шешім 4 мамырда орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Орталық сайлау комиссиясының отырысы 4 мамырда өтті.

"Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды", - делінген комиссия сайтында.

Назарбаеваның өкілеттігі президенттің 2 мамырдағы жарлығы негізінде Конституцияның 52-бабы 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңының 24-бабы 5 және 9-тармақтарына сәйкес тоқтатылды.

Тағы оқыңыз: Назарбаеваның сенаттан кетуінің себебі неде – саясаттанушылар пікір білдірді

Осы жылдың 2 мамырында президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатты.

Ол 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап парламенттің жоғары палатасының депутаты болды. 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың мамырына дейін сенат төрағасы қызметін атқарды.

2015 жылдың қыркүйегінен 2016 жылдың қыркүйегіне дейін премьер-министрдің орынбасары, ал 2012-2015 жылдары мәжіліс депутаты, төменгі палатаның вице-спикері болды.

Тақырып бойынша

"Қашып кете алмайды": Назарбаева карантин кезінде өршіген мәселені көтерді
"Бәрімізге де оңай емес": Назарбаева сенатта маңызды мәселені көтерді
Назарбаева: Сын сағатта бірде-бір адам қамқорлықсыз қалмайды
 Дариға Назарбаева Конституциялық кеңеске өтініш жасады
Назарбаева бастаған сенаторлар ОСК мүшесін тағайындады
Қырыққабат жыры: Назарбаева депутаттарға өтініш жасады
Кілт сөздер:
депутат, сенат, Дариға Назарбаева
Загрузка...

Басты тақырып