16:26 03 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.49
  • EUR512.84
  • RUB5.63
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1827)
320 0 0

Әкімдерге мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, жергілікті жерлерде тыйым салынған және шектеу қойылған шараларды жеке бақылауға алу тапсырылды

АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik.  Асқар Мамин сауда және интеграция министрлігіне қажетті өнімдер мен алғашқы қажеттілік тауарларын үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін пысықтауды тапсырды. Бұл туралы ол төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысында айтты , деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.

"Сауда және интеграция министрлігі ірі сауда желілерімен және азық-түлік тауарларының жеткізушілерімен, сондай-ақ, әкімдіктермен барлық қажетті өнім мен алғашқы қажеттілік тауарларын үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін пысықтауы тиіс", - деді Асқар Мамин.

Сондай-ақ, әкімдерге мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, жергілікті жерлерде тыйым салынған және шектеу қойылған шараларды жеке бақылауға алуды тапсырды.

"Барлық азамат елдегі тұрақты жағдайды сақтау және Қазақстанда коронавирустың таралуын болдырмау үшін барынша күш салу қажет", - деді премьер-министр.

Жиын барысында коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу, экономиканы тұрақтандыру, ірі сауда нысандарының жұмысын шектеуге қатысты жағдай мен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы, өңірлердегі ахуал жайлы министрлер баяндады. Қоғамдық қауіпсіздік пен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету  жайы сөз болды.

Тағы оқыңыз: Ақорда Тоқаевтың арнайы жарлығын жариялады

Облыс әкімдері мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің коронавирустың таралуына жол бермеу және өңірлерде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамалары тыңдалды.

Сонымен қатар үкімет басшысы барлық ұйым мен нысандарда санитариялық-эпидемияға қарсы шаралар өткізу, дәріханаларды дәрі-дәрмекпен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейтуді тапсырды.

Ішкі істер министрлігі мен арнайы мемлекеттік органдарға коронавирустың таралуымен күресуге тартылған медициналық және карантиндік нысандарды қорғауды күшейту тапсырылды.

Премьер-министр цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жоғары жылдамдықты интернеттің жұмыс істеуі мен қызметтерді барынша электронды түрде көрсетуді қамтамасыз етуді және қашықтан жұмыс істеу режиміне көшуді ұйымдастыруды тапсырды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1827)

Тақырып бойынша

Үйден жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалақысы өзгере ме – министр жауабы
Қазақстанда төтенше жағдай мерзімі ұзартылуы мүмкін
Тоқаев жаңа жарлыққа не үшін қол қойғанын түсіндірді
Төтенше жағдайдың алғашқы күні: Алматыда не болып жатыр
"ҚазМұнайГаз" қызметкерлері коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінді
Загрузка...

Басты тақырып