16:50 03 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.49
  • EUR512.84
  • RUB5.63
Саясат
Қысқа сілтеме алу
184 0 0

Конституциялық кеңес жеті мүшеден тұрады. Президент кеңестің төрағасы мен екі мүшесін, сенат пен мәжіліс екі-екі мүшеден тағайындайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Парламент мәжілісі Асхат Дауылбаевты Конституциялық кеңес мүшесі лауазымына қайта тағайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Дауылбаевтың Конституциялық кеңес мүшесі қызметіндегі өкілеттік мерзімі бүгін аяқталғанын айтты. Осыған байланысты спикер Конституцияның 58-бабы 3-тармағы 7-тармақшасына сәйкес, Асхат Дауылбаевтың кандидатурасын қайта тағайындау үшін ұсынды.

Мәжіліс депутаттары Дауылбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Асхат Дауылбаев туралы не білеміз?

Асхат Дауылбаев 1962 жылы 22 қарашада Ақтөбеде туған. 1987 жылы Свердловск заң институтын үздік бітіреді.

Еңбек жолын Алматы қаласының прокуратурасында бастаған. Алматы қаласының бірқатар ауданында прокурор орынбасары, төрелік сот төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. Кейін бас прокуратурада басқарма басшысы болып жұмыс істеді.

1997 жылы Қазақстанның әділет вице министрі қызметіне тағайындалды.

1999 жылы мәжіліс депутаты болып сайланды.

2001 жылы бас прокурордың орынбасары, ал 2011-2016 жылдары Қазақстанның бас прокуроры болды.

2016 жылдың сәуірінен бастап Конституциялық кеңестің мүшесі болып қызмет атқарды.

Конституциялық кеңес деген не

Конституциялық кеңес бүкіл ел аумағында мемлекеттің негізгі заңы ретінде Қазақстан Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етеді. 1995 жылғы Конституция негізінде Конституциялық кеңес 1996 жылдың ақпанында құрылды.

Конституциялық кеңес өкілеттіктерінің бірі – президент, парламент депутаттарын сайлау мен республикалық референдум өткізудің дұрыстығына қатысты дау туындағанда шешім қабылдау.

Конституциялық кеңес жеті мүшеден тұрады. Президент кеңестің төрағасы мен екі мүшесін, сенат пен мәжіліс екі-екі мүшеден тағайындайды. Кеңес мүшелерінің жартысы әр үш жылда ауыстырылып отырады. Бұған қоса, республиканың экс-президенттері өмір бойы Конституциялық кеңестің мүшелері болады.

Тақырып бойынша

Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді
"Депутат ұйықтап отыр ма?": Владислав Косарев жауап беруге дайын – видео
"Масқара!": Сенатта қытайға тиген қазақ қыздарына қатысты мәселе көтерілді
Президенттің баспасөз хатшысы Тоқаевтың Назарбаевқа қатысты жарлығын түсіндірді
"Министрдің сөзі қисынсыз": Тоқаевтың баспасөз хатшысы жаңа жарлықты түсіндірді
Кілт сөздер:
Конституциялық кеңес
Загрузка...

Басты тақырып