Саясат

Назарбаев Мәскеуде Путинмен кездесті

© Photo : АкордаНурсултан Назарбаев, интервью казахстанским СМИ
Нурсултан Назарбаев, интервью казахстанским СМИ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәскеуде Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне барады

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Мәскеуде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлады Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

​Бұған дейін Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне баратынын хабарлаған болатын.

​Соңғы бес жыл ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге 16 рет барды. Өткен жылдың желтоқсанында Назарбаев ЕАЭО Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы ретінде Санкт-Петербургте өткен ЕАЭО саммитіне қатысты. Сондай-ақ, Елбасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуінде болды.

Оқи отырыңыз: Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Өткен аптада, 7 наурызда Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Ресей-Түркия келіссөздерінің қорытындысы бойынша пікір алмасты.  

Жаңалықтар
0