Саясат

Назарбаев Путинмен кездеседі

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин и первый президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев
Президент РФ Владимир Путин и первый президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Елбасының Мәскеуге алдағы жұмыс сапарымен байланысты бірқатар мәселені талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

"Бүгін президент әртүрлі кездесулер, жиындар өткізеді, Нижегород облысының губернаторы Глеб Никитинді қабылдайды. Кешке сондай-ақ Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаевпен кездеседі", - деді Песков.

Соңғы бес жыл ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге 16 рет барды. Өткен жылдың желтоқсанында Назарбаев ЕАЭО Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы ретінде Санкт-Петербургте өткен ЕАЭО саммитіне қатысты. Сондай-ақ, Елбасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуінде болды.

Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Өткен аптада, 7 наурызда Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Ресей-Түркия келіссөздерінің қорытындысы бойынша пікір алмасты.

Жаңалықтар
0